13
май
2024
АӘТД кабинеті
Мектептің әскери кабинеті - бастапқы әскери даярлықтың оқу-материалдық базасы кешенінің негізгі міндетті элементі. Әскери кабинетте барлық теориялық, сондай-ақ практикалық сабақтардың бір бөлігі (мысалы, қарудың материалдық бөлігін зерделеу бойынша) өткізіледі, онда оқушылар әскери істің негіздері бойынша білім мен дағдыларды меңгереді, біздің Отанымыздың және оның Қарулы Күштерінің қаһармандық өткенімен танысады, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде белсенді қызмет өткеруге дайындалады.





