МЕДИЦИНАЛЫҚ КАБИНЕТ » Общеобразовательная школа №104 имени Е. Юсупова
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(702) 551-80-59
Есепші бөлімі:
+7(702) 551-80-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2022

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАБИНЕТ

                                                         Мектептегі медициналық қызмет жұмысын ұйымдастыру
 

 
Мектептегі мейірбике жұмысының мақсаты тұлғаның денсаулығын сақтауға, тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етуші жайлы білім беру ортасын құру болып табылады.
 
Міндеті – оқушылардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алуға көмектесуші мінез-құлық түрлерін қалыптастыру.
 
Мектепте жүргізілетін жұмыс көлемі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
 
  • оқу жылының басында мектептің санитариялық-жай-күйін тексерістен өткізу және мектептің оқушыларды қабылдауға дайын екендігін анықтау;
  • медкабинетті дайындау, оны қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз ету;
  • қажетті медициналық құжаттаманы дайындау;
  • тамақтану бойынша құжаттаманы жүргізу;
  • білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, бұйрықтар, нұсқаулықтар дестесін дайындау немесе толықтыру;
  • санитариялық-ағартушылық жұмыс бойынша нұсқамалы-әдістемелік материалдар салынған дестені дайындау: білім алушылардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша диктанттардың, дәрістер мен әңгімелесулердің үлгі тесттері; ғылыми-көпшілік және медициналық фильмдер тізімі;
  • білім алушылардың денсаулығын сақтаудың әртүрлі мәселелері бойынша баспа материалдарының жинақтары, парақшалар, жаднамалар, жүгінулер, буклеттер;
  • көрнекілік материалдарының жинақтары, көрмелер, плакаттар, санбюллетеньдер;
  • бір жылға арналған жұмыс жоспарын құрастыру, оны емхананың бас дәрігерінде бекіту және мектеп директорымен келісу.




Похожие публикации:

07 август 2024 Мектеп тарихы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив